link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Статистика
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Агенттікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қабылдау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мен қарау

және Агенттік басшылығына қабылдауға жазылу

тәртібі

 Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері Агенттікке почтамен жіберіледі, сондай-ақ өтініш берушілер оларды жеке беруі немесе курьер арқылы жеткізуі мүмкін.

Өтініш берушілер өтініштерді жеке немесе курьер арқылы берген жағдайда, өтініштер Алматы қаласы, Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй (Сәтбаев – Мүсірепов көшелерінің қиылысы) мекенжайында орналасқан Агенттік ғимаратының № 1 кіреберісіндегі Агенттіктің хат-хабарын қабылдауға арналған почта жәшігіне салынады, не оларды уәкілетті бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге немесе курьерге талон бере отырып қабылдайды, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету бөлімшесі Агенттікке келіп түскен күні тіркейді.

Тіркелген өтініштер Агенттік басшылығына қарауға жіберіледі, одан кейін өтініштер жауапты бөлімшелерге қарау үшін жіберіледі.

Өтініштерді Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету бөлімшесі бақылауға алады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Агенттікте қарастырылады және олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылданады.

Агенттікке жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы қосымша ақпаратты Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету бөлімшесінің мынадай байланыс телефоны бойынша алуға болады: +7 (727) 2619 200

Агенттік басшылығы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Агенттік басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың кестелеріне сәйкес айына бір рет өткізеді.

Егер жеке қабылдау кезінде лауазымды адам өтініш бойынша шешім қабылдай алмаса, келуші өтініш мәнін жазбаша нысанда баяндайды, содан кейін өтінішпен жоғарыда баяндалған тәртіппен жазбаша өтінішпен сияқты жұмыс жүргізіледі.

 

Уәкілетті бөлімшенің басшысы: Итимгенов Асқар Абайұлы

Телефоны: +7 (727) 2619 200.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: +7 (727) 2440 282
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 2619 200
e-mail: info@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020