link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Статистика
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Пруденциалық реттеу

    «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-II Заңының 5-бабына сәйкес пруденциялық нормативтер деп қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер түсініледі.

Банк секторының пруденциалық нормативтері Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.


АГЕНТТІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА ҚАТЫСУЫ


   2016 жылғы 26 қазаннан бастап Агенттік Базельдік консультативтік топқа (БКТ) мүше болды. БКТ – Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің (БҚБК) дүниежүзі бойынша банктік қадағалау органдарымен өзара әрекеттестікті тереңдетуге арналған алаң. БКТ БҚБК-ның жаңа бастамалары бойынша түрлі елдерден, халықаралық ұйымдардан, БҚБК-ға мүше емес банктік қадағалауды жүзеге асыратын аймақтық топтардан жоғары деңгейдегі өкілдерді жинап, банктік қадағалау мәселелері бойынша кең ауқымды сұхбат алаңын құруға ықпалдасады. БКТ жылына 3 мәрте сарапшылармен кездесу өткізеді, әдетте оның бірі Базель қаласында өтеді.

БКТ мүшелігіне кіргеннен кейін, Агенттік банктік қадағалау мен реттеу саясатын жүзеге асыру бойынша кең ауқымды кәсіптік сұхбаттарға, пікір мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.   

Агенттік БҚБК қағидаттарының негізінде банктердің жұмыстарын реттеу банк саласындағы тәуекелдерді басқаруды жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жасайды. Ағымдағы регуляторлық режимді және капиталдың жеткіліктілігі бойынша Базель III негізгі қағидаларына көшіру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

 

   2018 жылғы 27 қарашада Агенттік Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының (IOSCO) Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойды. IOSCO бағалы қағаздар нарығын реттеудің ұлттық органдарын біріктіретін ұйым болып табылады. Агенттік 1997 жылдан бері IOSCO-ның мүшесі болып табылады.

 

 


  

ПРУДЕНЦИАЛЫҚ РЕТТЕУ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ


Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: +7 (727) 2440 282
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 2619 200
e-mail: info@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020