link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Статистика
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қандай мәселелерді қарайды

жарияланым күні: 07.01.2020
(docx 25,91 KB)

 

Банктік қызметке байланысты мәселелер

Банктік қарыз шартының талаптары

  • Шарттарда міндетті талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы;
  • Банктік қарыз шарты талаптарының және/немесе біржақты тәртіппен қарыз беру талаптарының өзгеруі;
  • Жасалған банктік қарыз шарттарының талаптарының (міндеттемелерінің) бұзылуы;
  • Сақтандыру шарттарын жасауға мәжбүрлеу және сақтандыру/бағалау ұйымдарын таңдауға шектеу қою;
  • Қаржыландыруды тоқтата тұру.

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі және комиссиялар

  • Банктік қарыз шартында сыйақы мөлшерлемелерін, комиссияларды, тарифтерді және клиенттердің банктік қарыздармен байланысты өзге де шығыстарын белгілеу және өзгерту тәртібіне қойылатын талаптарды сақтау;
  • Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларға берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін біржақты тәртіппен өзгертуге салынған тыйымдарды бұзуы;
  • Берешекті өтеу кестесінің дұрыс есептелуін тексеру;
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінің дұрыс есептелуін тексеру;
  • Ай сайынғы төлемдерді уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдың дұрыс есептелуін тексеру.

Кепіл затын соттан тыс тәртіппен сату

  • Кепіл мүлкін соттан тыс тәртіппен сату тәртібін сақтаудың жекелеген мәселелері;
  • Кепіл затын босату.

Қарыз бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беру

  • Борышты үшінші тұлғаға аудару тәртібін бұзу және берешекті өтеу үшін үшінші тұлғаларды тарту;
  • Қарыз алушыға борышты үшінші тұлғаға аудару туралы хабарламау және берешекті өтеу үшін үшінші тұлғаларды тарту;
  • Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы міндеттемелер бойынша берешекті өтеу жөнінде шаралар қолдану.

Банктік шоттар, төлемдер мен аударымдар, салымдар, төлем карталары

  • Салымдарды қайтару;
  • Банктік шоттарға қызмет көрсету;
  • Аударым операциялары;
  • Төлемдерді қабылдау.

Банктен ақпараттың болмауы /банктен алынған дәйексіз ақпарат

  • Банктердің ұсынатын қызметтері бойынша дәйексіз жарнама таратуы;
  • Банктердің толық ақпарат бермеу/талап етілген ақпарат бермеу бөлігінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасау;
  • Банк клиенттерінің жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбау.

Сақтандыру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер

Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша:

  • Сақтандыру ұйымдарының тиісті лицензиясы болған кезде сақтандыру шарттарын жасаудан бас тартуы.
  • Сақтандыру төлемдерін жүргізу тәртібі, оның ішінде: - сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін бұзу/ сақтандыру төлемін жүзеге асырудан дәлелді бас тарту жіберу;
    - сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту.
  • Сақтандырушының тәуелсіз бағалаушымен мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мерзімін бұзуы.
  • Жетпейтін құжаттар туралы хабарлама беру мерзімі.

Сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша:

  • Сақтандыру төлемдерін жүргізу тәртібі, оның ішінде:
    - сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін бұзу / сақтандыру төлемін жүзеге асырудан дәлелді бас тарту жіберу;
  • - сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту.

Жалпы сипаттағы мәселелер:

  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұсынылатын қызметтер туралы ақпаратты ашудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және шартта көзделген тәртібін бұзуы.
  • Сақтандыру ұйымының клиенттерінің жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбауы.

Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты мәселелер

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында және акционерлік қоғамның жарғысында көзделген акционерлердің құқықтарын бұзу, оған мыналар кіреді:

- акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашу тәртібі;

- акционерлердің жалпы жиналыстарын шақыру және оны өткізу тәртібі;

- акционерлік қоғамның акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімдер қабылдау тәртібі;

- бір артықшылықты акцияға дивидендтер мөлшерін есептеу тәртібі;

- акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібі.

  • Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізіліміндегі жеке шоттан дәйексіз мәліметтер беру.
  • Акционерлердің жеке шоттары бойынша заңсыз операциялар жүргізу.
  • Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жасалған шарттардың талаптарын негіздей отырып, ұсынылған қызметтер үшін комиссиялардың дұрыс есептеуін тексеру.
  • Клиенттердің жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбау.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне байланысты мәселелер

  • ЖЗҚ-ның салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын ЖЗҚ-ға не сақтандыру ұйымына аударым жасауды жүзеге асырмауы, уақтылы жүзеге асырмауы, сондай-ақ аударым жасаудан негізсіз бас тартуы;
  • Алушыға (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуді жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау, сондай-ақ төлеуден негізсіз бас тарту;
  • Салымшыға (алушыға) жыл сайынғы, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұратып отырған күнге оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынбау;
  • Шарт жасау тәртібін бұзу;
  • Салымшылардың жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбау.

Микроқаржы ұйымдарының қызметіне байланысты мәселелер

  • ЖТСМ есептеудің дұрыстығын, ЖТСМ шекті мөлшерін асыруды тексеру;
  • Микрокредит беру тәртібі мен талаптарын бұзу;
  • Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібін бұзу;
  • Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроға микрокредит беру туралы шарт бойынша ақпаратты беру тәртібін бұзу;
  • Микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылған заңнама талаптарын бұзу;
  • Микрокредит беру құпиясын ашу;
  • Микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: +7 (727) 2440 282
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 2619 200
e-mail: info@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020